Алматыда көліктерден шығатын түтін нормаға қаншалық сәйкес екені тексерілді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматының Экология және қоршаған орта басқармасы мәліметінше, қалада түтіннің шамамен 60 пайызы көліктен келеді, сондықтан осы бағытқа ерекше көңіл аударылып отыр.

Экологиялық қызмет мамандары Полиция департаментімен бірлесіп, жолда рейдтер жүргізіп жатыр.

"Eco Almaty ЖШС-нің жылжымалы зертханалары көліктегі шығарынды деңгейін өлшейді. 2025 жылы Eco Almaty және "Ренессанс плюс" компаниясының қызметкерлері 186 мыңнан аса өлшем жүргізіп, 20 мыңға жуық хаттама толтырды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 653 млн теңгеден асты", — деп жазылған хабарламада.

Суреттер: Алматы әкімдігі

Сонымен қатар, жоспар аясында қатты отын қолданатын қоғамдық тамақтану орындары, соның ішінде кәуапханалар мен моншаларды анықтау бойынша жұмыстар да қолға алынған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget