Қазақстанда балаларға зиянды әрі заңға қайшы контенті бар 38 мыңнан астам интернет-ресурс анықталды. Осылайша «Киберқадағалау» мониторинг жүйесінің арқасында теріс әрекетті сайттар бұғатталды. Елімізде балаларды зиянды ақпараттан қорғайтын заң бар. Аталған заң мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін, сондай-ақ қауіпті контентке мониторинг жүргізу, талдау және бұғаттау тетіктерін айқындайды.

Айта кетейік, 2022 жылы заңнамаға «буллинг» және «кибербуллинг» ұғымдары енгізілді. Ал былтырғы жылдан бастап жәбірлегені үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылады. Биыл 10 айдың өзінде 339 әкімшілік іс тіркеліп, олардың 198-і буллинг фактілері бойынша жауапкершілікке тартылды.