Елена Рыбакина Эр-Рияд қаласында өткен қорытынды турнирдің финалында әлемнің бірінші ракеткасы белорусь Арина Соболенкодан басым түсті.

Екі партияға созылған ойын 6:3, 7:6 есебімен аяқталды. Бұл жеңіс Еленаның спорттық мансабындағы ең ірі жетістіктерінің бірі. Рыбакина WTA қорытынды турнирінде жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық теннисші атанды. Ол 5 млн долларға жуық қаржыға да ие болды. Бұл әйелдер теннисі тарихындағы ең қомақты сыйақының бірі.