Сербияның Нови-Сад қаласында былтыр теміржолда қаза тапқандарды еске алу шеруі өтті. Жиналған жұрт құрбандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Бір жыл бұрын теміржол сыртында демалып отырған адамдардың үстіне бетон шатыр құлап, 16 адам қаза тапқан еді. Оқиғадан кейін Сербияда жаппай наразылық басталып, халық президент Александр Вучичтің отставкаға кетуін және билеуші партияны таратуды талап етті. Шерушілер қайғылы оқиғаға елде жемқорлықтың таралуына жол берген билік кінәлі деп санайды.