Израиль қарулы күштері Газа қаласының орталық бөлігіне кіріп, Хамас жасақтарының соңғы тірек нүктесін басып алуға әрекет жасап жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Әскери операция басталар алдында тұрғындарға эвакуация туралы хабарламалар таратылғанымен, шамамен бір миллион адамның небәрі 350 мыңы ғана оңтүстікке бет алған. Қалған жүздеген мың бейбіт тұрғын қалада қалып қойды.
Газа секторындағы денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, 2023 жылдың қазан айынан бері жалғасып келе жатқан қақтығыстардың салдарынан 65 мыңнан астам адам қаза тапқан. Құрбандардың арасында әйелдер мен балалардың үлесі басым.