Тель-Авивте Премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың үкіметіне қарсы шеру өтті.

Халық биліктен Газадағы соғысты тоқтатып, ХАМАС қолындағы тұтқындарды босатуды талап етіп жатыр.

Наразы топ шаһар көшелерімен жүріп, жол қозғалысын бөгеді. Шараны тұтқындағы израильдіктердің отбасы ұйымдастырды. Жиналғандар акциясын «Ұлттық күрес күні» деп атады. Ресми дерекке қарағанда, тұтқындағы 50 адамның 20-сы ғана тірі қалған. Ал Газада қарулы қақтығыстан бейбіт халықтың қырылуы жалғасуда. Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, аймақта соғыс басталғалы 63 мыңға жуық адам қаза тапқан. Тағы жүздеген мың тұрғын жараланды.