Енді SIM-карта оңды-солды сатылмауы мүмкін. Абонеттік нөмерді алғандар биометриялық тексеріс арқылы SIM-картаны рәсімдейді. Бұдан өзге бір адам 10-нан астам нөмір алса, ол нөмірлердің қажеттілігі жөнінде қосымша ақпарат беруге міндеттеледі. Заңға осындай өзгерістер енгізілуі мүмкін. Жаңа ереженің жобасы «Ашық» порталында жарияланды. Цифрлық даму министрлігі осы арқылы алаяқтармен күресті күшейтуді көздеп отыр. Яғни, SIM-карталарды сату бойынша талаптың қатаңдатылуы, киберқылмысты азайтады деп болжайды.
Самал Қабышева