Солтүстік Қазақстан облысында 74 мектепте суицид пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын сайттар оқушыларға қолжетімді болған. Прокурорлар жүргізген тексеріс барысында Петропавл қаласы, Мүсірепов, Қызылжар, Тимирязев және Уәлиханов аудандарындағы білім беру ұйымдарында балаларға кіруге тыйым салынған интернет-ресурстар емін-еркін жұмыс істеп келгені анықталды. Аталған дерекке қатысты жауапты тұлғалар жазаланды.
Рауан Туғанбай, прокурор:
Мектеп директорларына айыппұл салынды. Сонымен қатар прокурорлардың ұсынысы бойынша қауіпті интернет-ресурстарға қолжетімділік толық шектелді. Қабылданған шаралар 11 мыңнан астам кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға мүмкіндік берді.
Эльмира Кәленова