2024 жылғы 24 мамыр күні Боталы көшесі, 26-үйдің ауласында «Қазақстан – отбасындағы зорлық-зомбылықсыз ел» республикалық акциясы аясында маңызды әлеуметтік іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты – қоғам назарын отбасылық құндылықтарға, зорлық-зомбылықтың алдын алуға, өзара құрмет пен қолдауға негізделген отбасылық қатынастарды нығайтуға аудару болды.

Шара барысында:

• Отбасы ағашы отырғызылды – бұл береке мен бірліктің, ұрпақтар сабақтастығының және отбасылық татулықтың белгісі ретінде өткізілді.

• Балалар өз отбасына деген көзқарастарын суреттер, хаттар және қолдан жасалған бұйымдар арқылы жеткізіп, шығармашылықтарын көрсетті.

• Іс-шараға арнайы қонақ ретінде қатысқан блогер әрі құқық қорғаушы Айтбек Амангелді отбасы тәрбиесінде зорлық-зомбылықсыз ортаның маңыздылығы жайлы ой бөлісті.

• Балалар үшін аниматорлармен қызықты ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды, бұл шараға ерекше көңіл-күй сыйлады.

Іс-шараны Полиция департаменті жергілікті атқарушы органдар мен қоғамдық ұйымдардың қолдауымен ұйымдастырды.

Шараға аудан тұрғындары, балалармен келген отбасылар, қоғамдық ұйым өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Бұл бастама отбасылық құндылықтарды насихаттауда және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуда маңызды қадам болды. Іс-шара қауіпсіз әрі берік қоғам қалыптастыруға бағытталған жақсы үлгі ретінде өтті.