Қайтарылған активтер қаражатының 5,1 млрд теңгесі Қарағанды облысының су құбыры желілерін салуға және реконструкциялауға бөлінді. Қарағанды қаласы Тихоновка, Садовое, Колхозное, Ақтерек, Әлихан ауылдарында және Көктенкөл стансасында құбырлар жаңартылады. Бұл елді мекендерде инфрақұрылым ондаған жылдар бойы жөндеу көрмей, әбден тозған. Жұмысты осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Дархан Рақымжан