Ал күндізгі уақытта бір тәрбиеші бұрынғыша 35 емес, 20-25 балаға жауапты болады.
Қазақстанда жазғы уақытта балалар демалысын ұйымдастыру саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу бойынша жұмыс тобы балалар лагері жұмысшыларының типтік штатына өзгертулер әзірледі. Оған сәйкес, күндізгі тәрбиешілердің жұмыс жүктемесін азайтылмақ, атап айтқанда, бір тәрбиеші енді бұрынғыдай 35 емес, 20-25 баламен жұмыс істейді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың Сенат депутаттарына берген жауабында айтылған.
Сондай-ақ, балалар лагерінде енді түнгі тәрбиешілердің болуы да міндеттеледі. Түнгі уақытта 100 балаға 2 түнгі тәрбиеші жауапты болады. Оған қоса, әр 50 бала үшін бір педагог-ұйымдастырушы лауазымы енгізіледі.
"Аталған қызмет түрлерін ғылым мәселелері туралы заң жобасы қабылданғаннан кейін енгізу жоспарланған. Бұл заң жобасында білім беру-сауықтыру ұйымдарындағы жұмысшылардың типтік штатын бекіту мәселесі қарастырылған. Заң жобасын қазір Парламент Мәжілісі қарап жатыр", – делінген Ермек Көшербаевтың жауабында.
Оқи отырыңыз:
Бас прокуратура мыңға жуық балалар лагерін тексереді
Жамбыл облысындағы президент резиденциясында балалар лагері ашылады