Аптап ыстықтан Токиода 1 адам көз жұмды. 50-ден аса тұрғын медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды 24kz.

The Associated Press агенттігінің мәліметі бойынша елдің бірқатар өңірінде сынап бағанасы 37 градустан асады. Жергілікті метеорогиялық агенттік елдің 14 қаласында ауа температурасы рекордтық деңгейге жеткенін хабарлады. Метеорологтар алдағы күндері де аптап ыстық жалғасады деп отыр. Сондықтан биліктегілер кәсіпкерлер мен оқу орындарының басшылықтарын сыртта іс-шара өткізбеуге шақырды.

Еске салайық, 2024 жылы жазда Жапонияда бұрын-соңды болмаған аптап ыстық тіркелді. Салдарынан жұмыста отырған 30 адам көз жұмды.