Күзде Астанада «Alem.AI» халықаралық ;асанды интеллект орталығы іске қосылады. Цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, жоба 2029 жылға дейін отандық жасанды интеллект өнімдерінің экспортын 5 млрд долларға жеткізуге мүмкіндік береді. Жаңа жұмыс орындарын ашуға, халықаралық компанияларды тартуға ықпал етеді, дейді. Сонымен қатар, бұл бастама заманауи технологияларға қолжетімділікті арттырады. Саладағы білікті мамандарды арттыру үшін жыл сайын мыңдаған маман даярлау көзделген. Бүгінде бұл бағытта оқыту шаралары басталып кетті. Мамандардың айтуынша, оқушылар мен студенттер орталықта жасанды интеллект бойынша тегін білімдерін жетілдіре алады. Жалпы, қазіргі таңда министрлік Google, inDrive, Tether, Telegram сынды алпауыт компаниялардың кеңселерін осында ашу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр.
Дулат Мамырқұл, ҚР ЦДИАӨМ Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің басқарма басшысы:
Жалпы, «Alem.AI» орталығы мектеп оқушыларына, студенттерге, кәсіпкерлерге және ғалымдарға арналатын орталық болады. Яғни, ғалымдар өздерінің ғылыми зерттеулерін жүргізуге, мектеп оқушылары білімдерін арттыруға, кәсіпкерлер бизнестерін ашуға немесе бизнесті дамытуға көмегін тигізетін орталыққа айналады.
Динара Жарқынбек