Қазақстанда 2025 жылғы мамырда 128,1 мың көлік есепке қойылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, оның ішінде:
- жеңіл көліктер — 113 мың;
- жүк көліктер – 8 мың;
- автобустар – 1,4 мың;
- мототранспорт – 5,7 мың.
Былтырғы мамырмен салыстырғанда бензинмен жүретін көліктер саны 15,3%-ға, дизель отынымен жүретіндер 13,9%-ға, газбен жүретіндер 36,2%-ға, аралас отынмен жүретіндер 9,3%-ға артқан. Елдегі электромобильдер саны бір жылда 66,9%-ға артқан.
Айта кетейік, 2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген көліктердің саны 6,3 миллионға жетіп отыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!