Қазгидромет болжамының 95 пайызы дәл келеді. Синоптиктер алдағы күн райын әр түрлі уақыт аралығына қарай бағамдайды. Жалпы метеорологтар қандай құралдарды қолданады ? Қандай дерекке сүйенеді? Кәсіби мамандармен тілшіміз Ернұр Медет сұхбаттасып көрді.
Ернұр Медет, тілші:
Екі ғасырға жуық уақыт бұрын елімізде алғашқы метеостанция салынды. Осы уақыт аралағында өзгеріп, түрленіп, дамып, озық технологиямен жабдықталған зерттеу орталықтары қазіргі таңда күн райын дәлме дәл болжауға мүмкіндік береді. Біз келген елордадағы бақылау мекемесінің өзі 111 жылдан бері жұмыс істеп тұр. Бүгін дәл осы ғимарат ішіндегі қауырт тірлікпен жақынырақ танысамыз.
- Асалаумағалейкүм, қайырлы күн. Қызық әрі күрделі сіздердің салаларыңызға қатысты сауал көп. Ең бірінші, жалпы ауа-райы қалай болжанады, метеорологтар қандай құралдарды қолданады?
Қозыке Тәуке, «Қазгидромет» РМК метеорология Департаментінің жетекші инженері:
Жалпы метерология бұл өте кең ғылым саласы болып табылады. Кішкентай ғана қарапайым ғимараттар болуы мүмкін, бірақ істелетін жұмысы өте ауқымды, өте көп. Әрбір станцияда мысалы, төрт қызметкер жұмыс істеп, бір-бірімен ауысып, бір-ақ адам ғана, мысалы үздіксіз бақылау жүргізіп, сөйтіп осылай үздіксіз бақылау жасалады.
- Ал сіздер қандай құрылғы пайдалансыздар, толығырақ таныстырып өтсеңіз.
Қозыке Тәуке, «Қазгидромет» РМК метеорология Департаментінің жетекші инженері:
Мынау, мысалы бізде желдің жылдамдығы мен бағытын көрсететін құрылғы, дәл қазір мынау бізде атмосфералық қысымды көрсететін құрылғы. Ал мына экранға назар салсақ, бұл бізде автоматты станциядан келіп жатқан барлық параметрлердің көрсеткіші көрсетіліп тұр. Мынау бізде желдің жылдамдығы, бағыты, температура, ылғалдылық, метерологиялық көру қашықтығы деген сияқты, енді параметрлер өте көп, солардың көрсеткіші осы жерде көрсетілген бізде. Иә, ауа-райының, атмосфераның қазіргі кездегі нақты жағдайының бүкіл ақпараттарын жинау арқылы, одан кейін бізде ауа-райының алдағы болжамы жасалады. Бұның бізде екі-екі құрылғысы ғана іштегі көрсеткіштері бар, қалғанының барлығы сыртта орналасқан. Мен сіздерге соны көрсетейін.
- Мәселен мұндағы көзге түскендердің бірі бұл ауаның температурасы мен ылғалдылығын өлшейтін құрал. Атауы қалай?
Қозыке Тәуке, «Қазгидромет» РМК метеорология Департаментінің жетекші инженері:
Ішінде термометр мен гидрометр орналасқан, сыртында бізде психрометрлік будкада осындай екі метр биіктікте орналасу керек. Талаптар бойыншы осылай орналасып, осы жерден бақылаулар алынады.
- Менің түсінігімше, бұл біз бөлмеде термометрлер орналастырамыз ғой, сол жердің атмосферасын, қысымын, сол жердің температурасын анықтау үшін бұл, даладағы тура сол дүние, иә?
- Қозыке Тәуке, «Қазгидромет» РМК метеорология Департаментінің жетекші инженері:
Аналогиялық тұрғыда солай айтуға болады. Үйлерінізде тұрған термометрмен ауаның ішіндегі температураны көре алсаңыз, мынау ауаның нақты уақыттағы ауа температурасын көрсетеді.
Барлық атсмофералық бүкіл параметрлерді жинап, түзеп, жинап болғаннан кейін орталыққа жіберіліп, орталық осыдан кейін бүкіл ақпаратты жинақтап, бүкіл әлем бойынша ауа райы болжамын жасай алады.
Ернұр Медет, тілші:
Күн қызыл шапаққа оранып батса, ертеңінде аптап ыстық болады. Жаз найзағайлы болса, қыс жылы өтеді. Ілгеріде ата-бабаларымыз алдағы күн райын осындай табиғат құбылыстарына қарап білген еді. Ал бүгінде әлемдік стандарттарға сай құрылғылардың есебіне сүйеніп, болжам жасалады. Қазіргі таңда елімізде 347 метеостанция бар. Бақылау мекемелеріндегі мамандар сіз бен біз күнімізді дұрыс жоспарлау үшін күндіз-түні қызмет етеді.
Ернұр Медет