Батыс Қазақстан облысында өрттен бес бала көз жұмды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға Сырым ауданы Жымпиты ауылы Сағырбаев көшесіндегі жеке тұрғын үйде болған.
"Өртсөндірушілер жеткенде 30 шаршы метр аумақта жеке заттар мен жиһаз жанып жатты. Құтқарушылар бес баланы ес-түссіз күйде тапты. Өкінішке қарай, балалар ауруханада қайтыс болды", — деді ТЖД өкілдері.
Өрт толық ауыздықталған.
"Оқиға орнында БҚО ТЖД күштері мен құралдары жұмыс істеп жатыр. Оқиға орнына ТЖД басшылығы, өрт зертханасы, анықтау бөлімі және ТЖ департаментінің психологы шықты", — деп жазылған хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!