Елдегі Парламентаризм институты 170 заң жобасының қабылдануына сараптамалық сүйемелдеу жасады. Құрылымның кейінгі бес жылда атқарған жұмысы мен қорытындылары институттың мерейтойына орайластырылған Еуразиялық форумда айтылды.
Мәжіліс қабырғасында өткен шараға Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан келген заң саласының мамандары қатысты. Қазір Қазақстанның Парламентаризм институты аталған елдердегі әріптестерімен ынтымақтастық орнатып, меморандум бекіткен. Тараптар алдағы уақытта заң шығару саласында тәжірибе алмасуды жалғастырады.
Дания Еспаева, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары:
- Парламент алаңы ел дамуының негізгі бағыттарын талқылайтын орынға айналды. Парламент қабырғасында отыз жыл ішінде
қоғам алдындағы сенім мен жауапкершілікке негізделген айрықша саяси мәдениет қалыптасты. Парламенттің әрбір жаңа сайланымы елдің саяси жүйесі дамуының келесі кезеңін көрсете білгенін атап өткен жөн.
Берік Бекжанов, ҚР ПІБ парламентаризм институты директорының орынбасары:
- Көрші елдерде жалпы шет елдерде біздегідей институттар бар. Бізде олармен меморандумға қол қойылған. Осы бағытта қазір жұмыс атқарып жатырмыз. Яғни бір мәселені айтуға болады, парламентаралық ассамблея бар. Онда модельді заңдар қабылданады. Институт осы модельді заңдардың қабылдауға өз жұмысын атқарып жатыр.