Жамбыл облысында қалың тұманда адасқан қойшы табылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

24 сағат ізделген

Жамбыл ауданындағы шаруа қожалықтардың бірінде екі күн бұрын қойшы 700 қоймен бірге құмды жерде адасып кеткен. Хабарлама түскен сәтте полиция қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізген.

Нәтижесінде 24 сағатқа жетпей аудан орталығынан 200 шақырым жерде қойшы да, қойлар да табылды.

"Үш күн ұйықтамадым"

"Түнде тоңып қалмау үшін ұйықтамауға тырыстым. Үш күнге жуық тамақ ішпегендіктен әлсіреп қалдым. Мені тапқан полиция қызметкерлері жағдайымды көріп, бірден жылы орынға апарып, айран мен нан берді. Алғысым шексіз", — деді тұрғын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget