Филиппиннің солтүстігінде «Фунгвонг» тайфунынан екі адам опат болды.

Миллионнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Әуе рейстері тоқтап, жұмыс орындары мен білім беру мекемелері уақытша жабылды. Дүлей желдің жылдамдығы сағатына 230 шақырымға дейін жетеді. Билік қауіпсіздік шараларын барынша күшейтті. Филиппинде бірер апта бұрын «Калмаеги» дауылы соғып, 224 адам көз жұмған еді.