Қызылорда облысында қайтарылған активтер қаражаты есебінен алты сумен жабдықтау нысаны салынады .

Жобаға Арнаулы мемлекеттік қордан 2,2 млрд теңге бөлінді.

Бағдарлама 1,8 мыңға жуық тұрғыны бар Арал және Қазалы аудандарындағы ауылдарды қамтиды. Жоспар Тастүбек, Ерімбетжаға, Шәкен, Шилі, Шитүбек және Сарбұлақ ауылдарын сапалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бүгінде мердігер ұйымдар анықталып, жоба қаржыландырылды. Құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарда бар.