13 жасқа дейін смартфон қолдану аса қауіпті. Бұл туралы Адам дамуы мен қабілеттері туралы жаһандық журналда жарияланды. Зерттеуге сәйкес телефонға телмірген балалардың психикалық дамуында кері әсерлер анықталған. Құрылғыға жиі байланатын жеткіншектер жиі күйзеліске ұшырап, агрессивті мінез танытады, ұйқысы бұзылады, тіпті суицид туралы ойға берілу жағдайлары байқалады. Бұл әсіресе қыз балаларға көбірек әсер етеді. Зерттеу жұмыстарына 100 мың бала қатысқан.
Сарапшылар смартфонды алкоголь мен темекі секілді шектеп, 13 жасқа дейінгі балаларға оны пайдалануға тыйым салу қажет деп отыр. Қазірдің өзінде Еуропа елдері мектептерде телефон қолдануға біртіндеп тыйым сала бастады.