Ресейде арқанды жолдағы апаттан 3 адамның өмірі қиылды, деп хабарлайды 24kz.
Қайғылы жағдай Қабарды-Балқардағы Эльбрус тауында болған. Ресей тергеу комитетінің аймақтық басқармасы опат болған 3 адамның сүйегі табылғанын мәлімдеді. Құтқару жұмыстарына 9 техника мен 29 өрт сөндіруші жұмылған. Қылмыстық іс қозғалды. Апат себебі анықталып жатыр. Арқан үзіліп кетті деген болжам бар.