Депутат Ардақ Назаров Мәжілістен тікелей анасына жолдаған құттықтауына қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Tizgin.kz парақшасы жариялады.

"Ананың алдында ешқандай регламент жоқ. Бәріміз ананы жақсы көреміз. Бүгін менің анашымның туған күні, 70 жасқа толып жатыр. Сол үшін құттықтағанды жөн көрдім. Егер бүгінгі отырыс болмағанда анамның жанында болар едім. Анашымды мәжіліс төрінен құттықтап, ерекше қуаныш сыйлағым келді. Оны Ерлан Жақанұлы да қолдап, анашыма құттықтау жолдады. Бұл жерде ешқандай әбестік жоқ, барлығы құттықтап қол соқты", — деді депутат.

Ардақ Назаров депутаттық сауал жолданып, ресми отырыс біткеннен кейін құттықтағанда тұрған ештеңе жоқ екенін айтып, анасын тағы да құттықтады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Tizgin.kz (@tizginkz)