ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі тамыз айында осы бағытта атқарылған шараларды түйіндеді, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыстық кодексінің төмендегі баптары бойынша, бірнеше құқықбұзушылық тіркелген:
- 361-бап (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) – 4;
- 362-бап (билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) — 1;
- 366-бап (пара алу) — 17;
- 367-бап (пара беру) — 18;
- 368-бап (парақорлыққа делдал болу) — 3;
- 189-бап (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) — 4;
- 190-бап (алаяқтық) — 2;
- 369-бап (қызметтiк жалғандық жасау) — 1;
- 433-бап (қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру) – 1 баптары бойынша сараланатын 51 құқық бұзушылық фактісі анықталған.
Сотқа ҚР Қылмыстық кодексінің:
- 189-бап (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) — 9;
- 190-бап (алаяқтық) — 6;
- 366-бап — (пара алу) — 6;
- 367-бап (пара беру) — 5;
- 368-бап (парақорлыққа делдал болу) — 2;
- 365-бап (заңды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі жасау) – 1 баптары бойынша 29 қылмыстық іс жіберілген.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін 2 адамға 730 мың теңге сомасында сыйақы берілген.