Елімізде теміржол саласында жалпы ұзындығы 1300 шақырымнан асатын 4 ірі жоба іске асырылуда. Олардың қатарында «Достық – Мойынты», «Алматы қаласының айналма теміржолы», «Дарбаза – Мақтаарал» және «Бақты – Аягөз» бар. Биыл «Алматы қаласының айналма теміржолы» мен «Достық – Мойынты» учаскесінің екінші жолының құрылысы аяқталады. Бұл жүк тасымалы көлемін 5 есе арттыруға мүмкіндік береді . Сондай-ақ, ірі трансқазақстандық теміржол дәлізі жобасы басталды. Алдағы 5 жылда 16 мың шақырым теміржол салынып, жөнделеді. Қазір ел бойынша 125 теміржол вокзалы ауқымды жаңғыртудан өтіп жатыр. Бұл – абсолютті рекордтық көрсеткіш. Жолаушылар вагондары паркін жаңарту да жалғасуда. Биыл парк 175 жаңа вагонмен толығады. Айта кетейік, былтыр Қазақстан халқына Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика секторын дамыту – стратегиялық мәні айрықша басымдық екенін айтқан еді.

Асылбек Данияр