Белгілі әнші Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдукаримова отбасындағы қуанышты жаңалықпен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желіде жарияланған суреттен кейін қазақстандықтар жаппай құттықтау пікірлерін қалдырып жатыр.
Желі қолданушылары «Бесігің берік болсын», «Бауы берік болсын» деген ақ тілектерін жазып, өнер жұлдызының отбасына қуаныш пен амандық тіледі. Белгілі қоғам қайраткерлері мен әріптестері де жылы лебізін білдіріп, сәбидің ұзақ ғұмырлы болуын, аман-есен өсуін тіледі.
Жұлдыз Әбдукаримова парақшасында «Жаңа тынысым» деп жазып, сәби өміріне келгенін ишаралады. Бұл жаңалық көпшіліктің назарын аударып, аз уақыт ішінде мыңдаған лайк пен жүздеген пікір жинады.
Қайрат пен Жұлдыздың шаңырағында бұған дейін төрт перзент өсіп келе жатқан еді. Енді жұлдызды жұптың отбасында бесінші сәби дүниеге келіп отыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)