Елена Рыбакина әлемнің алтыншы ракеткасын жеңіп, АҚШ-тағы турнирдің финалына жолдама алды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, Елена Рыбакина Цинциннатида (АҚШ) өтіп жатқан WTA 1000 сериялы турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Төртінші айналымдағы матчта қазақстандық спортшы әлемнің алтыншы ракеткасы саналатын америкалық Мэдисон Кизді 6:7 (3:7), 6:4, 6:2 есебімен жеңді.

Кездесу 2 сағат 26 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Рыбакина алты эйс жасап, бір қос қателікке жол берді және 14 брейк-пойнттың алтауын тиімді пайдаланды.

Ширек финалда Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы беларусьтік Арина Соболенкоға қарсы ойнайды.