Астанада құрылыс кезінде кран аударылып, жұмысшы қайтыс болды. Оқиға жаңадан салынып жатқан «Абырой» тұрғын үй кешенінің аумағында болған. Құрылыс компаниясы «кранда ешқандай техникалық ақау болған жоқ, ол қатты желден құлады» дейді. Қалалық полиция департаменті оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлайды. Қылмыстық іс қозғалған.
Жанел Өтеулі