Құны 352 млн 321 мың теңгеге бағаланған 25 қол сағаты аукционға қойылды. Қайтарылған активтерді басқару компаниясы E-Qazyna .kz веб-платформасына жариялаған тауарлардың арасында бастапқы бағасы 150 миллион теңгеден асатын сағат бар. Оның тек 30 данасы шығарылған. Ал сағаттағы жауынгерлер 18 караттық алтыннан ойылып жасалған. Сондай-ақ тізімде 21 млн 897 мың теңгеге бағаланған сағат та бар.
Айта кетейік, аукционға E-Qazyna платформасында тіркелген барлық пайдаланушылар қатыса алады.
Темірлан Нұрсолтан