Ветеринариялық қызметкерлер күніне орай Батыс Қазақстан облысында сала мамандарына 106 қызметтік көлік кілті табысталды. Бұл техника заманауи құрал-жабдықтармен толық жарақтанған. Елді мекендерде тиімді мал дәрігерлік қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Жаңа көліктерді сатып алуға облыстық бюджеттен 725 миллион теңге жұмсалған. Бұған дейін қолданыста болған техникаларға 10-15 жылдың жүзі болыпты. Дені әбден тозған. Ал жаңа көліктер мал ауруларының алдын алуға, ветеринариялық бақылауды күшейтуге сеп болады. Осы арқылы биологиялық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтуға жағдай жасалады. Автокөліктерде жануарларды емдейтін құрал-сайман, малдан алынған қанды сақтайтын тоңазытқыштары бар.
Армат Жүралиев, Сырым аудандық Ветеринариялық станция директорының міндетін атқарушы:
Сырым ауданы бойынша 12 округіміз бар. Мұнда 20213-2014 жылдары келген машиналардың тозығы жетіп тұр.Қазіргі таңда жаңадан 7 автокөлік алып жатырмыз. Бұрыннан істеп келе жатқан, көліктерін жақсы ұстаған мамандарымызға береміз деп шешіп отырмыз.
Ардақ Мұратқызы