Көлік министрі Марат Қарабаев ақылы жолдар көбейетінін мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қазір ұзындығы 3,2 мың шақырым болатын 17 ақылы жол жұмыс істеп тұр, ал былтыр осы жолдардан 48 миллиард теңге жиналған.

"Биыл жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ұзындығы 6,2 мың шақырым болатын тағы 29 учаскеде ақылы жол жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Ақылы жолдардан жиналатын қаржы 100 миллиард теңгеден асады", – деді министр Сенаттағы Үкімет сағатында.

Қарабаевтың айтуынша, болашақта барлық жолды күтіп ұстау, техникалар сатып алу және алынған қарыздар бойынша пайыз мөлшерлемелерін өтеу мәселелері де осы жол жүру ақысынан түскен қаражат есебінен шешілуі мүмкін.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget