IBF және WBO бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) WBC титулына ие доминиканалық Карлос Адамеске (24-1-1, 18 KO) үндеу жолдады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлімханұлы жекпе-жек бойынша келісімшартқа қол қойғанын мәлімдеп, Адаместі қорқақ деп атады.

"Адамес, біз құжаттарға қол қойдық. Енді сені күтіп отырмыз! Неге қол қойғың келмейді? Бүкіл құжат сенің алдыңда жатыр! Қорқақ!" — деп жазды Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, екі боксшы да әлем чемпионы атақтарын біріктіру мақсатында айқас өткізуге ниетті екенін бірнеше мәрте мәлімдеген болатын. Алайда нақты келісімге қол жеткізу әзірге мүмкін болмай тұр.

Two hands — two guns pic.twitter.com/WCxDMgjzIa

— Janibek Alimkhanuly (@qazaqstyle) May 2, 2025

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget