Әлемде жыл сайын 2 млрд қоқыстың үштен бірі экологиялық қауіпсіз әдіспен жойылмайды. Қалдық я жағып өртеледі, болмаса қоқыс алаңына тасталады. Сорақысы сол, халық саны мен тұтыну көрсеткіші артқан сайын қоқыс көлемі де көбейіп отыр.

Қазір әлемде тұрмыстық қалдықтарды ең көп тастайын елдердің тізімін Қытай бастап тұр. Көршіміз жылына 400 тонна қоқыс шығарады. Одан кейінгі орында АҚШ. Америкалықтар жылына 265 млн тонна қоқыс тастайды. Үндістанның жылдық қалдық көрсеткіші 190 млн тонна. Германия – кәрі құрлықтағы ең көп тастайтын елдің бірі. Соған қарамастан оны қайта өңдеу бойынша жақсы нәтижеге қол жеткізіп жүр.

Дереккөз: Statista.com