Енді кез келген нысанның құрылысын дронның көмегімен бақылауға болады.

Бұл туралы Құрылыс және өнеркәсіп вице-министрі мәлімдеді. Жәннат Дүбірованың сөзінше, жасанды интеллект құрылыс аумағын толық бақылауға септеседі. Мамандар ақылды жүйені маңызды салаларда пайдалануға мүдделі. Мәселен, шаһарлардың бас жоспарын түзуде бекітілген деректердің ашықтығын дрондар айқындайды.

Қарлығаш Молдағалиева, «Мемқалақұрылысыкадастры» РМК бас директорының орынбасары:

- Осы пилоттық жобаны біз осы жылда бастаймыз. Біріншіден, Астана қаласы бойынша пландарды жасаймыз дрон арқылы. Сосын жылдың аяғында нақты шешім белгіленсе, осы пилотты басқа өңірлерге жалғастырамыз.