Павлодардағы қыз ұзату тойында уланған 30-дан аса адамнан сальмонеллёз анықталды. Естеріңізге сала кетейік, 7-маусым күні қыз ұзату тойында болғандар бірінен соң бірі ауырып дәрігерге жүгінген. Ал, келесі күні осы мейрамханада тағы да той өтіп, бірнеше адам ішектің бактериалды инфекциясы деген күдікпен ауруханаға жатқызылған еді. Іле мейрамхана тексеріліп, сонда істейтін 7 адам жұмыстан шеттетілді, олардың медициналық анықтамалары болмаған. Мейрамхана жұмысы уақытша тоқтатылды . Әзірге іс полиция қарауына түспеген.

Болат Аманбай