Әлем және Азия чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауов кәсіпқой боксқа бет бұрды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Отандасымыз 11 шілдеде Алматыда өтетін бокс кешіне қатысады.
Дулаттан өзге Илья Калинин, Елнұр Сүйінбай, Армат Арманұлы және Саматәлі Төлтаев сынды боксшылар да шаршы алаңға шығады.
Бокс кеші мен қарсыластары туралы ақпарат кейінірек жарияланады.
Еске салайық, бұған дейін ұлттық құрама боксшысы Сәкен Бибосынов Бішкектегі кәсіпқой бокс кешіне қатысатыны белгілі болды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!