Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске ақын Олжас Сүлейменов кіріспекші. Нақтырақ айтсақ, Халық жазушысы басқаратын ЮНЕСКО жанындағы Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығы «Әділ қоғам» деп аталатын жаңа жобаны жүзеге асырады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп. Ертеде дау, жанжал, ел ішіндегі келіспеушіліктер батыр, билердің бір ауыз сөзімен шешілген ғой. Зиялы қауып бірігіп, осы әдісті жаңғыртпақшы. Бүгін «Әділ қоғамның» мақсаты туралы айтамыз.