Астанада республикалық «Халық заңгері» акциясы өтіп, тұрғындарға тегін заңгерлік көмек көрсетілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Акция Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында ұйымдастырылды. Қонақтарға заңгерлер, адвокаттар және мемлекеттік органдардың өкілдері тегін кеңес берді.
Құқықтық көмек аудан әкімдіктерінің, прокуратураның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, құқық қорғау органдарының, адвокаттар алқасының және Сот орындаушыларының өңірлік палатасының қызметкерлері тарапынан көрсетілді.
Акция мақсаты – халыққа, әсіресе қаржылай мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін көмек көрсету. Мұнда заңгерлер мен адвокаттар, мемлекеттік органдардың өкілдері бар. Акция қатысушылары кез келген сұрағын қойып, кеңес алып, өтініш немесе арыз беру тәртібімен таныса алды, – деді заңгер Римма Тұрлыбекова.