14 мамырда жоспарлы сейсмикалық жаттығу өтеді.
Сағат 11:00-де Алматыда жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өткізіліп, қалада дабыл жүйелері іске қосылып, мобильді қосымша арқылы хабарлама жіберіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Баршаңыздың назарыңызға!" дабылын естіген жағдайда теледидар немесе радионы қосып, мобильді қосымша мен ресми интернет-ресурстардағы ақпаратпен танысу қажет.
Тұрғындарға алдын ала дабыл сөмкесін дайындап, ғимараттардан, ағаштардан және электр желілерінен алыс орналасқан ашық қауіпсіз алаңға баратын бағытты анықтап алу ұсынылады.
Алматыда халықты қабылдауға арналған 384 пункт ұйымдастырылады.
Ақпаратты 2GIS сервисіндегі "зардап шеккен халықты қабылдау пункттері" сұранысы арқылы, сондай-ақ Алматы қаласы ТЖД мен қала әкімдігінің ресми сайттарынан оқуға болады.