Алматы әкімі Дархан Сатыбалды саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу рәсіміне қатысып, 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қарағайлы скверінде өткен еске алу іс-шарасына қоғам қайраткерлері, қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпақтары, сондай-ақ қаладағы жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Бүгін біз қуғын-сүргін мен ашаршылық кезінде қаза тапқан ата-бабалардың рухы алдында адами және азаматтық борышымызды өтеу үшін жиналдық. Бір минуттық үнсіздік – есте сақтаудың, құрметтің және сабақ алудың белгісі. Біздің міндетіміз – өткеннің ауыр кезеңдерін есте сақтай отырып, бүгінгі бірлік пен бейбітшілікті бекемдеу, — деді Дқала басшысы.

Рәсімге қатысушылар саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, мемориалға гүл шоқтарын қойды.