Қазақстандық актёр Нұрғали Нұғман бірнеше жыл бұрын “Балапан” телеарнасында жұмыс істеп жүрген кезінде продюсер тарапынан сексуалдық сипаттағы зорлық көргенін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Актёрдің сөзінше, ол кино мен сериалдарға дәл сол балалар арнасында продюсер болған туысының көмегімен түсе бастаған. Алайда бір түсірілім күнінен кейін әлгі ер адам оны кабинетте алып қалып, зорлық көрсеткенін мәлімдеді.
“Мен ол кезде кішкентай бала болдым. Қорыққаным соншалық, не істерімді де білмедім. Ол істейтінін істеп болған соң: “Егер біреуге айтсаң, енді кино мен сериалдарға түсе алмайсың” деп қорқытты. Осылайша бұл біздің құпиямыз болып қалды”, – дейді актёр.
Нұрғали Нұғман бұл оқиғаның өзіне ауыр психологиялық соққы болғанын, тіпті суицид туралы ойларға дейін жеткізгенін жасырмады. Оның айтуынша, арада жылдар өтсе де, сол кезеңнің салдары ұзақ уақыт бойы әсер еткен.
Қазір актёр осы жағдай туралы ашық айтуға бел буғанын жеткізді. Әлеуметтік желіде бұл мәлімдеме тарағаннан кейін желі қолданушылары продюсердің есімін жариялауды талап етіп, оның балалармен әлі де жұмыс істеп-жұмыс істемейтінін анықтау қажет екенін жазып жатыр.
Айта кетейік, Нұрғали Нұғман осыдан он жыл бұрын балалар рөлдері арқылы көпшілікке танылып, кинофестивальдердің бірінде “Үздік актёр” номинациясын жеңіп алған. Қазіргі таңда ол байер болып жұмыс істейді.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Байер | Бизнес с Китаем