Өндірістегі апаттан кейін экология тексеріліп жатыр.


Өскемен қаласындағы "Казцинк" аумағында болған жарылыс салдарынан 5 адам жараланып, 2 адам қаза тапты. Компанияның мәліметінше, оқиға бүгін таңертең металлургиялық өндіріс алаңында болған.

Алдын ала дерекке сәйкес, түтін сорғышты тазалау кезінде жарылысқа ұқсас дыбыс шығып, соның салдарынан өрт туындап, құрылымдардың бір бөлігі опырылған. Апат салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бес адам жарақат алған. Зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

"Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс істеп, салдарын жою шараларын жүргізіп жатыр. Жағдайды жан-жақты тексеру үшін арнайы комиссия құрылған. Оқиғаның нақты себептері тергеу қорытындысы бойынша анықталады", – делінген хабарламада.

Компания қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендерге материалдық және психологиялық көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Сонымен қатар уәкілетті органдар қоршаған ортаға әсерін тексеріп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, қауіпті ластаушы заттардың таралуы тіркелмеген, тек рұқсат етілген шекті мөлшерден аспайтын шаң байқалған.


Оқи отырыңыз: Өскеменде "Казцинк" зауытында жарылыс болды. Үйінді астында адамдар болуы мүмкін