Премьер-министрдің орынбасары — мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Президент Жарлығын жүзеге асыру аясында көші-қон саясатына енгізілген жаңа тәсілдерді түсіндірді.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Үкімет әкімшілік бақылаудан инвестициялар үшін ашық әрі икемді орта қалыптастыруға және жоғары білікті кадрларды тартуға бағытталған сервистік модельге көшіп жатыр.
«Алтын виза» тетігі енгізілуде, сондай-ақ тапшылығы бар, жоғары технологиялық салалар үшін біліктіліктерді тану рәсімдері жеңілдетіліп, «бір терезе» қағидаты бойынша барлық процесс толық цифрландырылып жатыр.