Жоба бойынша жөндеу жұмыстары шілде айының басында аяқталады.
Семей қаласының қос жағалауын байланыстырып тұрған аспалы көпірдің асфальт жабыны толық ауыстырылады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Көпірдегі қозғалыс схемасы өзгеріп, көліктер төрт жолақпен қатынап жатыр. Асфальтты ауыстыруға 80-ге жуық жұмысшы және 20-дан астам техника тартылған.
Жоба бойынша жөндеу жұмыстары шілде айының басында аяқталады деп жоспарланып отыр.
Оқи отырыңыз: Семейде заңсыз салынған тағы бір үйдің үлескерлері бас көтерді
"ТМД-дағы жалғыз, үлкен аспалы көпіріміз 2000 жылы пайдалануға берілген. Сол уақыттан бері асфальт төсемі толық ауыстырылмаған. 25 жыл бойы жамап, жасқап, ой-шұңқырларын бітеп келген. Алғаш рет осындай ауқымды жұмысты қолға алып жатырмыз. Уақытша шектеулерге халық түсіністікпен қарайды деп ойлаймын. Жұмыс барысында заманауи технологиялар қолданылады", – делінген хабарламада.