Бұл туралы клубтың жаңа директоры Дидар Сыдықбек мәлімдеді.


Алматылық "Қайрат" футбол клубының 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмырзаға "Тараз" клубы қызығушылық танытып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біз Шерхан Қалмырзаға қызығушылық танытып отырмыз. Ертең ұсыныс жасап, келіссөздерді бастаймыз. Ол – Жамбыл облысының тумасы", – деп жазды Дидар Сыдықбек өзінің Telegram-арнасында.

Еске салайық, Шерхан Қалмұрза "Реал Мадрид" клубына қарсы алаңға шыққан болатын. Ойын барысында қақпаға 5 гол өткізгеніне қарамастан жанкүйерлердің көзайымына айналды.