Милан-2026 қысқы Олимпия ойындарына мәнерлеп сырғанаудан жолдама иеленген отандық спортшыларды Туризм және спорт министрлігі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары, қысқы Олимпиадаға алғашқылардың бірі болып жолдама иеленгендер Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина.
Айта кетейік, қос спортшы да биыл АҚШ-тағы әлем чемпионатында олимпиадалық нормативті орындап, лицензия жеңіп алған еді.
Еске салайық, XXV қысқы Олимпия ойындары 2026 жылғы 6-22 ақпан күндері Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Оған әлемнің 93 елінен 3 500-ден астам спортшы қатысады.