19 қыркүйекте Қытайдың Бейжің қаласында мәнерлеп сырғанаудан Олимпиадаға іріктеу турнирі басталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан атынан алғаш болып Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова өнер көрсетті. Спортшылар мұздағы биден 2026 жылғы Олимпиадаға жолдама жеңіп алу үшін бақ сынап жатыр.
Ырғақты бидің қорытындысы бойынша олар 50,64 ұпай жинап, аралық есепте 16-орынға тұрақтады.
Айта кетейік, еркін бағдарлама 21 қыркүйекте өтеді. Ерлер арасында өтетін жекелей сайыста Қазақстан намысын Диас Жиренбаев қорғайды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!