Кездесуде Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланды.
Мемлекет басшысы еліміздің еуропалық ұйыммен өзара ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге бейіл екенін растады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Президент Әділетті Қазақстан құруға бағытталған саяси реформалардың ауқымды бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы мәлімет берді.
Ален Берсе Еуропа Кеңесінің Қазақстанмен өзара қарым-қатынас жасауға әзірлігін жеткізді.