Шығыс Қазақстан облысында 2 адам кене энцефалитіне шалдықты.

Тағы 2 тұрғын кене боррелиозын жұқтырған. Қазір олар дәрігерлердің бақылауында, деп жазады inbusiness.kz сайты qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап.

Зиянкес жәндіктен биыл Риддер, Қатон-Қарағай, Алтай аудандарының тұрғындары ең көп зардап шеккен. Шығыста, жалпы, бүгінге дейін 3 мыңға жуық адамды кене шаққан. Оның 800-ге жуығы бала.

Мамандардың айтуынша, зиянкес жәндіктен зардап шеккендердің 90 пайыздан астамы кене энцефалитіне қарсы екпе салдырған.