20-21 желтоқсан күндері Францияда фристайл-могулдан беделді халықаралық жарыс өтті.


Тинь қаласында 21 желтоқсанда фристайл-могулдан өткен FIS Coupe de France de Bosses халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан спортшылары жоғары нәтиже көрсетті.

Бәсекенің басты жұлдызы Анастасия Городко екі алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ Аяулым Әмренова мен Антон Бондарев сәтті өнер көрсетіп, қола жүлдеге ие болды.

Бұдан бөлек, Пхёнчхан Олимпиадасының қола жүлдегері Юлия Галышева да тұрақты нәтиже көрсетті. Жарыста алғашқы сайыста төртінші орын алса, шешуші күні бесінші болып мәреге жетті.